Қош келдіңіздер!

Мектеп тарихы

1938 жыл.«Оторвановка» ауданы жаз мезгілінде  мал жайылымына қолданылса, күз және көктем мезгілдерінде ағынды су басқан кең жазық болатын. Сол кезде қазіргі Ташкент көшесінде орналасқан екі қабатты уйдің жанында үш бөлмелі шағын ғимарат болған. 1926 жылы білім алған №5 бастауыш мектеп оқушылары бұл ғимаратқа сиып кететін. 1938 жылы мектеп атауы №13 орта мектебі болып қайта құрылып, Кубанская 6 (қазіргі Мирзоян 6) көшесінде салынған екі қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа мектеп аудандағы жалғыз  екі қабатты, биік ғимарат еді.

1942 жылы  алғашқы 16 түлек мектепті  бітіріп шықты.Ең қызықтысы олардың  төртеуі дәрігер, үшеуі мұғалім екеуі партия мушесі , ушеуі инженер болып, біреуі ғылыми кандидат атағын алды. Екеуі фронтта қаза тапқан.

1943-1947 жылдары мектеп білім беруін тоқтатты. Мектеп әскери жаралыларға ем көрсететін госпитальға айналды. Екінші қабаттағы директор, биология кабинеттерін қосқанда, барлығы бес кабинет жаралыларды емдейтін палаталарға айналды. Қазіргі бірінші қабаттағы балар шешінетін бөлме хирургтарға берілді. Келесі кабинеттер асхана , емшара жургізетін кабинеттер болып жалғасты. Мектептің алғашқы ғимараты барлығы 10 кабинеттен құралған.

Соғыс жылдарындағы мектеп түлектері №11  орта мектебіне ауыстырылды.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң 1948-1949 жылдары мектепті 11 түлек бітіріп шықты.  Сегіз мектеп бітіруші түлек мұғалім болды.

1950-1960-1970 жылдары мектеп шығармашылыққа бет бұрды. Мектепке Запорожцева Анна Сазоновна басшылық етті. Ал мұғалімдер ұжымында тағдыр бұйрығымен Ақтөбе жерінде қалған ұстаздар қызмет жасады.

Соғыс жылдарынан кейінгі репрессия да ауыртпалығын тигізді.Бұл тізімге  №13 орта мектептің физика пәні мұғалімі,кейіннен Ақтөбе қаласындағы планетарияны ашқан және алғашқы директоры болған Зафирис  Николай Павлович, Стальская Дина Илвинична , Погребняк Анна Ивановна, Ува Роза Лидия Денисова (кейіннен қалалық білім бөлімінің орынбасары болған) кірді.

1950 жылдары мектеп айналасындағы (қазіргі Заводская көшесі 43 ғимарат ) жеміс бақшасы түгел жойылып, орнына қарағаш, үйеңкі отырғызылды.

Мектеп айналасы жасыл желекті ғажайып көрініске айналды.

1972 жылы мектепті үлкейту мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мектепке 5 кабинет, акт залы  қосылып  , білім ошағына айналды. Ленин орденінің иегері Запорожцева А.С. мектептің жаңаруы мен дамуына өз үлесін қосып, еңбек етті.   Сосибина Г.М. басшылығымен   мектепті үлкейту жұмыстары жүргізілді.Мектеп ғимараты  дәрігер кабинетімен, екі шеберханамен,тағы  төрт кабинетпен толықты.

Қазіргі таңда терең тарихы бар мектептің мыңдаған түлектері еліміздің әр аймағында қызмет етуде.

Мектеп директорлары

  1. Федюкин Леонид Николаевич1938-1941 ж.ж.(1941 ж. Фронтқа аттанды.)
  2. Щемякин Николай Акакиевич 1941-1945 ж.ж. (Бұл жылдары мектепте госпиталь болды.)
  3. Журенкова Татьяна Ивановна 1945-1952 ж.ж.
  4. Левченко Николай Елизарович 1952-1956 ж.ж.
  5. Запорожцева Анна Сазоновна 1956-1975 ж.ж. (1971 жылы Ленин орденімен марапатталды.)
  6. Коган Ефим Леонтьевич 1975-1978 ж.ж.
  7. Моисеенко Иван Ефимович 1978-1983 ж.ж.
  8. Ломбина Галина Михайловна 1983-2010 ж.ж.
  9. Куштаев Аскар Тулебаевич 2010 ж

Мектеп директоры орынбасарлары

  1. Бондаренко ЕкатеринаФедоровна 1952-1966 ж.ж.
  2. Коваленко Екатерина Порфирьевна 1966-1979 ж.ж.
  3. Владимирова Алевтина Петровна1979-1993 ж.ж.
  4. Утюжова 1993-1995 ж.ж.
  5. Хусаинова Файна Шамильевна 1996-2010 ж.ж.