Қош келдіңіздер!

Мектеп тарихы

«Оторвановка» ауданы, қазіргі Ташкент көшесінде орналасқан екі қабатты уйдің жанында үш бөлмелі шағын ғимарат болған. 1926 жылы білім алған №5 бастауыш мектеп оқушылары бұл ғимаратқа сиып кететін. 1938 жылы мектеп атауы №13 орта мектебі болып қайта құрылып, Кубанская 6 (қазіргі Ә.Бөкейханов 6) көшесінде салынған екі қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді.

1942 жылы  алғашқы 16 түлек мектепті  бітіріп шықты. Ең қызықтысы олардың  төртеуі дәрігер, үшеуі мұғалім, үшеуі партия мүшесі, үшеуі инженер болып, біреуі ғылыми кандидат атағын алды. Екеуі фронтта қаза тапқан.

1943-1947 жылдары мектеп білім беруін тоқтатты. Мектеп әскери жаралыларға ем көрсететін госпитальға айналды. Екінші қабаттағы директор, биология кабинеттерін қосқанда, барлығы бес кабинет жаралыларды емдейтін палаталарға айналды. Қазіргі бірінші қабаттағы балалар шешінетін бөлме хирургтарға берілді. Келесі кабинеттер асхана, емшара жургізетін кабинеттер болып жалғасты. Мектептің алғашқы ғимараты барлығы 10 кабинеттен құралған.

Соғыс жылдарындағы мектеп түлектері №11  орта мектебіне ауыстырылды.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң 1948-1949 жылдары мектепті 11 түлек бітіріп шықты.  Сегіз мектеп бітіруші түлек мұғалім болды.

1950-1960-1970 жылдары мектеп шығармашылыққа бет бұрды. Мектепке Запорожцева Анна Сазоновна басшылық етті. Ал мұғалімдер ұжымында тағдыр бұйрығымен Ақтөбе жерінде қалған ұстаздар қызмет жасады.

Бұл тізімге  №13 орта мектептің физика пәні мұғалімі, кейіннен Ақтөбе қаласындағы планетарияны ашқан және алғашқы директоры болған Зафирис  Николай Павлович, Стальская Дина Илвинична, Погребняк Анна Ивановна, Ува Роза, Лидия Денисова (кейіннен қалалық білім бөлімінің орынбасары болған) кірді.

1950 жылдары мектеп айналасындағы (қазіргі Заводская көшесі – 43 ғимарат) жеміс бақшасы түгел жойылып, орнына қарағаш, үйеңкі отырғызылды.

1972 жылы мектепті үлкейту мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мектепке 5 кабинет, акт залы  қосылып, білім ошағына айналды. Ленин орденінің иегері Запорожцева А.С. мектептің жаңаруы мен дамуына өз үлесін қосып, еңбек етті.   Сосибина Г.М. басшылығымен   мектепті үлкейту жұмыстары жүргізілді. Мектеп ғимараты  дәрігер кабинетімен, екі шеберханамен, тағы  төрт кабинетпен толықты.

2021 жылы мектепті кеңейту мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мектепке 13 кабинет, спорт залы, асхана  қосылып, толық жабдықталған білім ошағына айналды. Куштаев А.Т. басшылығымен   мектепті үлкейту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда терең тарихы бар мектептің мыңдаған түлектері еліміздің әр аймағында қызмет етуде.

Мектеп директорлары:

  1. Федюкин Леонид Николаевич1938-1941 ж.ж.(1941 ж. Фронтқа аттанды.)
  2. Щемякин Николай Акакиевич 1941-1945 ж.ж. (Бұл жылдары мектепте госпиталь болды.)
  3. Журенкова Татьяна Ивановна 1945-1952 ж.ж.
  4. Левченко Николай Елизарович 1952-1956 ж.ж.
  5. Запорожцева Анна Сазоновна 1956-1975 ж.ж. (1971 жылы Ленин орденімен марапатталды.)
  6. Коган Ефим Леонтьевич 1975-1978 ж.ж.
  7. Моисеенко Иван Ефимович 1978-1983 ж.ж.
  8. Ломбина Галина Михайловна 1983-2010 ж.ж.
  9. Куштаев Аскар Тулебаевич 2010 – 2022 ж.ж.
  10. Досжанова Маншук Болатовна 2022-2023 ж.ж.
  11. Медеуов Нурлан Бекбулатович 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін.