Қош келдіңіздер!

Үйірме, секциялар

Волейбол үйірмесі

2023-2024 оқу жылында баскетбол үйірмесі өз жұмысын бастады. Волейбол үйірмесінің

Жаттықтырушысы – Кулкашев Ербулат Алтаевич. Үйірмеде 25 оқушы бар. 12 Қыз бала және 13 Ер бала(7-8кл)

Бұл үйірме 2018 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Мақсаты: ойлау қабілетің дамыту, достық қарым қатынас орнату ,денсаулыкты ныгайту .

Командамыз 2021-2022жылы мектеп лигасы бағдарламасы бойынша 7-8класс оқушылары арасында жалпы командылық есепте 1 орын иеленді.

Командамыз 2023 Ұлттық мектеп лигасында қыз балалар арасында жалпы командылық есепте 7-8 класстар арасында 374 ұпаймен  1 орын иеленді.

2023 жылы ер балалар арасында жалпы командылық есепте 367 ұпаймен  2 орын иеленіп, Қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаеваның марапатымен марапатталды.

Алдағы уақытта қалалық  жарыстарда жақсы нәтиже көрсету үшін күш жігерімізді аямай атсалысамыз. Және облыстық деңгейлерде көрінуге тырысамыз.


«Асық ату» үйірмесі.

2023-2024 оқу жылының басынан мектебімізде Асық ату үйірмесі жүргізіледі. Асық ату үйірмесінің мақсаты- Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушыларға патриоттық сана сезім ұяландыру,достыққа тәрбиелеу болып табылады.

Үйірмеде 25 оқушы қамтылған. Үйірме жетекшісі Коржиков Жалгас Максатович. Үйірме аптасына екі мезгіл жүргізіледі. Оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары алғашқы сабақтардан байқалып тұрды. Нәтиежесінде 9-11 сыныптар арасында өткен  ұлттық мектеп лигасында микро топтық ойындарда мектебіміз топ жарып қалалық кезеңге жолдаманы жеңіп алды. Алға қойған мақсатымыз облыстық кезеңге жолдаманы жеңіп алу.


“Бес асық ” үйірмесі.           

2023-2024 оқу жылында бес асық үйірмесі өз жұмысын бастады. Бес асық үйірмесінің жаттықтырушысы – Ғали Руслан Ғалиұлы.Үйірмеде 10 оқушы бар. Жаңа оқу жылы басталған бойда, оқушыларымызды жаттықтырып, шынықтырып жарыстарға да қатыстырып келеді. Бұл үйірме 2021-2022оқу жылынан бастап өз жұмысын бастады. Мақсаты: қазақтың ұлттық ойынын дәріптеу, ойлау қабілетін дамыту, достық қарым-қатынас орнату

          2023жылдың қазан айының 26-27күндері қалалық “Бес асық”жарысына #13 орта мектебінің оқушылары қатыстырылып, І орынға ие болды. Олар: Темірханова Медина 9в; Ұзақбаева Арай 9в; Муханбеткаирова Диана 11ә.