01.09.2020 жылы «№13 орта мектеп» КММ – де “Адалдық дүкені” жобасы өз жұмысын бастады. Қоғамда сенім ахуалын құрып, әр оқушыны жақсы және адал тұлға ретінде тәрбиелеу, “Сыбайлас жемқорлыққа иммунитет” қалыптастыру. Мұнда оқытушылар мен оқушылар өздеріне қажетті тауарларды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырады. «Адалдық» дүкені адалдыққа шақырады «Адалдық алаңы» жобасы аясында бүгін мектеп қабырғасында “Адалдық дүкені” ашылды. Оның негізгі мақсаты: қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адамдыққа тәрбиелеу.
«Адалдық дүкенінің» өзгешелігі сол, мұнда еш дүкенші болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы жәшікке салып кетеді. Бұл адам бойында тазалық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін көбірек сіңіруге себеп болмақ. Бүгінгі мектебімізде ашылған «Адалдық дүкенінің» – білім алушыларымыз үшін нағыз тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.
Жобаның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру.
Жобаны ұйымдастырушы: ДТІЖО Бохайбаева Ж.С
2020-2021 оқу жылы